$ 498.34  519.72  4.85

«Ғылым мен білімнен «мусор» деп безетін діни фанатиктер еліне айналып барамыз» - қоғам белсендісі

Дені дұрыс елдерде ұлтына зиян келтірген сектанттарды соттайды, ал бізде Мәжіліске отырғызып, мемлекеттік канал ашып береді!
фото: kazislam.kz
фото: kazislam.kz

Әлеуметтік желі бетінде білім мен ғылымды қажетсіз дүниеге теңеп, вакцина атаулыға мүлдем қарсы болуға шақырып отырған бір жас баланың видеосы қызу талқыланып жатыр. Уағызшы бала өз үндеуінде вакцинаны мусорға теңеп, Құран аяттарының жанында ештеңеге де тұрмайтын қажетсіз дүние екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әрине, бұл бейнежазба қалың оқырманды үлкен уайымға салып отыр деуге болады. Пікір білдірушілердің көбі әсіредіншіл сәлафиттердің кесірінен еліміздің болашағы делініп жүрген жастардың кері кетіп, діни фанатизмге ұрынып жатқанына алаңдаушылық білдірген. Қоғам белсендісі Әмина Смағұлованың ойынша, бұл Бекболат Тілеухан және Тазабек сындылардың жүргізіп жатқан исламизацияның өз нәтижесін бере бастағанынның айғағы.

«Міне, Бекболат Тілеухан мен Тазабек жүргізіп жатқан исламизацияның жемістері. Мына бала діні көзқарасы бойынша вакцинаға қарсы шыққан депутаттың сөзін айтып отыр. 

Пандемия басталғалы Казақстанда коронавирус дертінен 3000 аса адам қайтыс болып, пневмониядан 700 жуық адам көз жұмған екен.

Қазіргі кезде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 30 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр, оның 10 мыңнан астамы инфекциялық стационарларда.

Бірақ халыққа ковидтің қауіптілігін айтудың орнына, уағызшылар жастардың миын теріс дінмен улап, вакцинацияға қарсы қоюда!

Солардың кесірінен міне ковидті, ғылым мен білімді өтірік нәрсе - мусор деп, тек қана қабір азабын, жәннатты аңсап ойлайтын соқыр, мылқау діни фанатиктер еліне айналып барамыз!» , - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол мұның арты үлкен қауіпке ұрындыруы мүмкін екенін айтқан. 

«Бұл видео күлкілі емес! Францияда адам өлтіріп, жарылыс жасап, Сириядағы соғысқа кетіп жатқандар - дәл осындай милары әбден уланған зомбилар!

Жастардың алтын уақытын ұрлап, миларын улап осындай діни наркоманға айналдырып жатқаны үшін кім жауап береді? Дені дұрыс елдерде ұлтына зиян келтірген сектанттарды соттайды, ал бізде Сенатқа отырғызып, мемлекеттік канал ашып береді!

Міне, интернет толған уағыздар, араб тілін үйрететін онлайн-мектептер. Бұларға лицензия, рұқсат кім беріп жатыр?

Қайда қарап отырсыздар, мұндай балалардың болашағы не болмақ???», - деп атап өткен ол Берік Уәли, Aida Balayeva, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Askhat Aimagambetov, ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК секілді парақшаларды белгілеген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары