$ 447.4  477.55  4.76

«Самұрық-Қазына» 31,1 млн долларға не үшін қытайлық вакцина алғанын түсіндірді

Вакцина таңдауға қатысты мәселені «Самұрық-Қазына» өзі айқындамайды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қытайдың Sinopharm вакцинасын сатып алуы қоғамның қызу талқысына түсті. «Неліктен барлық қазақстандықтарды сынақ құралына айналды?» деген желі қолданушылары Ұлттық холдинг әрекетін «дискриминация» деп бағалады.

1 млн доза вакцина сатып алуға 31,1 млн доллар қаржы жұмсаған «Самұрық-Қазына» Ұлттық холдингінің қызметкерлері жағдайды түсіндірді. Себебі халық бұл әрекетті алалаушылық деп бағалаған болатын.

 «Самұрық-Қазына» Ұлттық холдингінің қызметкерлеріне арналған СК-Фармация Hayat-Vax (Sinopharm) 600 мың дозасын сатып алды, содан кейін тағы 400 мың дозаны сатып алады. Оларды тек «Самұрық-Қазына» қызметкерлері ғана жасайтын болады. Бұл барып тұрған дискриминация. Олар бізден артық па? Немесе заңмен бекітілген қандай да бір өзгеше ереже бар ма? Неліктен барлық қазақстандықтарды сынақ құралына айналдырып, өндіруші елде тіркелмеген вакциналар жасайды? Ал Самұрық-Қазына қызметкерлеріне өндіруші елде және көптеген елдерде тіркелген және клиникалық сынақтардың барлық кезеңдерінен өткен вакциналар жасалады? Бұл өз халқына қарсы геноцидтің дәлелденген фактісі емес пе?», – деп жазды желі қолданушысы Қайырғали Қонеев.

Қоғам пікіріне  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілі Марат Мұхамедсалимов түсініктеме берді.

«Вакцина таңдауға қатысты мәселені «Самұрық-Қазына» өзі айқындамайды. Бұл «СҚ-Фармация» мен Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті аясына кіреді. Яғни, олар мұндай шешімді қажетті көлемде вакцинаның болуына, логистика мен температура режиміне байланысты қабылдаған сияқты. «Самұрық-Қазына» қоры 1 млн доза сатып алуға төлем жасайды және қазірден-ақ жеткізу басталды», – дейді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Марат Мұхамедсалимов.

Оның атап өтуінше, 1 млн доза вакцина сатып алуға 31,1 млн доллар қаржы жұмсалды.

«Бүгін ведомствоаралық комиссия отырысында 120 мың доза Қазақстан бойынша «Самұрық-қазына» компаниялар тобының жұмысшыларына егілетіндігі туралы шешім қабылданды. Яғни, өндірістік компаниялар мен филиалдарда еңбек ететін мұнайшылар, энергетиктер, пошта қызметкерлері, ұшқыштар, стюардессалар алады. Ал қалған 880мың боза барлық қазақстандыққа, ниет білдірген адамдарға қолжетімді. Бастапқыда бұл вакцина «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жұмысшылары үшін сатып алынды деген ақпарат тараған болатын. Ол дұрыс емес, қате ақпарат», – деді ол.

Бұған дейін «СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары