Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпал ететіндіктен күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал", - дейді синоптиктер.
Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерінде жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.