$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанға санкция қаупі төніп тұр» - қоғам белсендісі

Байден тек Ресейді ғана шеңберге алуды көздеп отырған жоқ. Ресейдің одақтастарына да қанды шеңгелін салуды көздеп жатқандай.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қоғам белсендісі әрі «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Ресейді күн сайын құрсаулап қысып келе жатқан АҚШ санкцияларының салқыны Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екенін айтады. Оның айтуынша, Байден тек Ресейді ғана шеңберге алуды көздеп отырған жоқ. Ресейдің одақтастарына да қанды шеңгелін салуды көздеп жатқандай, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азаматхан Әміртайдың ойынша еліміз мұндай қиындыққа тап болмас үшін Путиннің қас-қабағына қарап, жалтақтап отыруды қою керек.

«Билік тізгінін қолға алған Байден АҚШ-тың бар мүмкіншілігін Ресейге қарсы бағыттап жатқаны белгілі. Қалайда Путинді әлсірету, лаж болса ресей мемлекетін іштен ірітіп, ыдыратып жіберу. Ақ үйдің ықпалы болар, Ресей қалаларында жүз мыңдаған халық «Путинсіз Ресей» деп шерулетіп жатыр. Кешегі Трамп кезіндегі санкция санкция ма, Байден Ресейді құрсауды күшейтіп жатыр. Кеше ғана салынған санкция соның бір ұшы ғана. Бір байқағанымыз Байден тек Ресейді ғана шеңберге алуды көздеп отырған жоқ. Ресейдің одақтастарына да қанды шеңгелін салуды көздеп жатқандай. Яғни бір сөзбен айтқанда көп ұзамай АҚШ-тың қырына Қазақстанда ілігетіні белгілі. Өйткені ресми Нұр-Сұлтан Мәскеудің айтқанынан шықпайтын, дегеніне көнетін көнбіс одақтасы. Біздегі ішкі-сыртқы саясат көбіне Путиннің қас-қабағына қарап жасалатыны шығар күннің көзіндей шындық. Қанша тәуелсіз мемлекетпіз деп айқайласақта шынтуайтында Ресейге саясат, экономика, әскери салалар бойынша тәуелдіміз», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Оның айтуынша, АҚШ елімізге санкция салар болса, өте қиын жағдайда қаламыз.

«Жарайды бұл басқа әңгіме. Әгәрәки АҚШ Қазақстанға санкция салатын болса, қайттік? Оған қарсы тұратын бізде мықты эконоикада жоқ. Шикізат еліміз. Қаржы саламыз анау рубльмен долларға тәуелді. Шығарып жатқан иен-тебенімізде жоқ. Отандық өнім ішкі сұраныстың 40-50 пайызын толтырып тұрса, әңгіме басқа еді. Бізде олда жоқ қой. 30 жыл бойы жалған ұранның дақпыртымен келдік. Егерде АҚШ Қазақстанға санкция салатын болса, қара халықтың күні күн болмай қалатыны белгілі. Ал жемқор билікке бәрібір. Ел қазынасын ұрлаудан ұрты майланып алған.

Кеше үйдің жанындағы «Магнум» дүкеніне кірдім. Халық тұтынатын тауардың бағасы удай. Кәдімгі картоптың келісі 500 тенге болып тұр. Онда да біздің өнім емес. Египет елінен әкелініпті. Енді қараңыз құмда, шөлде отырған Мысыр жұрты жерін көгалдандырып, картоп егіп, оны бізге экспорттап отыр. Міне, масқара! Керісінше біз соны жасауымыз керек еді. Өкініштісі билік қазір халыққа жағдай жасаудың орнына ақиқатты айтқан жұртпен жағаласып кетті. Тілін қорғаған, жерінің сатылмауын талап еткен жұртты қудалап, қамаумен әуре. Ал, экономика жайына қалды. Теңгенің теңселіп тұрғаны анау.

Ертең Байден билігі Ресейдің одақтас, құйыршығы деп Қазақстанға санкция салатын болса жағдай тіпті ушығып, түбі әлеуметтік жарылысқа алып келетіні белгілі. Билік соны ойлап отыр ма, қам жасап жатыр ма? Әлде халыққа, мемлекетке еш пайдасы жоқ миллиардтарды «жеп» қоятын Астана ЛРТ секілді жобаларды ойластырып, одан ақшаны қалай сауып, қалталарына басып қалуды ойлап, бас қатыруда ма? Кім жауап береді, бұған?», - деп атап өткен жазба авторы.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары