05.05.2021, 12:20

Елбасы протоколының бастығы Арслан Дәндібаев қызметінен кетті

фото: azattyq-ruhy.kz
Ол қызметке жаңа басшы тағайындалды.

Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Джанзақов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы протоколының бастығы қызметіне тағайындалды деп жазды azattyq-ruhy.kz.

Ал, бұған дейін Елбасы протоколының бастығы болған Арслан Момышұлы Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.