$ 494.87  520.65  4.91

Парламентте жерді сатуға қатысты заң жобасы қабылданды

Заң жобасына қатысты ақырғы шешімді Президент қабылдайды
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, талқылау барысында оған өзгерістер енгізу қажеттілігі айтып, Мәжіліске қайтарған еді.

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға ғана жеке орман өсіру үшін жер беруге рұқсат ететін норманы енгізген Сенаттың түзетулеріне келісті.

«Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылар мен шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды», - делінген Мәжіліс қорытындысында.

Заң жобасында егер меншік иесі болып табылатын тұлғаның Қазақстан азаматтығы тоқтатылған немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына шетелдіктер мүше болған жағдайда ауыл шаруашылығы жерлерін иеліктен шығару рәсімі де қарастырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары