$ 448.89  477.93  4.76

«Шенеуніктер өздеріне 15 млн теңге сыйақы жаздырып алады» - депутат

Мәжілісмен Азат Перуашев екпенің нақты құнын жасырған шенеуніктердің әрекетін түсінбейді.

Мәжілісмен Азат Перуашев бүгінгі Мәжіліс отырысында пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына жол берген бірқатар жауапты министрлікті сынға алды. Оның сөзінше, ЭЫДҰ мүше елдердің дені қазір сауда және қызмет көрсету салаларындағы шектеуді біртіндеп алып тастауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кәсіпкерлердің жұмысы қайта жанданып, халық соған лайықты жалақы алып отыр.  Мұның бәрі вакцинациялаудың тиісті дәрежеде жүріп жатқанынан», - дейді депутат. 

Ал Қазақстан әлем бойынша вакцина өндіретін елдердің бестігіне кірсе де, одан еш нәтиже жоқ. Сондай-ақ депутат екпенің нақты құнын жасырған шенеуніктердің әрекетін түсінбейді. Ол жауапты министрліктер істі аяқсыз қалдырса да, қымсынбай сол үшін 15 млн теңге сыйақы алатынын айтты.

«Отандық вакцинаны өндіруге атсалысқан ғалымдарға рақмет, әрине. Бірақ сол өнімді өзіміз тұтына алмай жатқанымыз өкінішті. Себебі өндірістің өзі бір жолға қойылмаған. Зауыт әлі салынып жатыр. Вакцинаны өндіретін жер жоқ. Субстанциясын басқа елден, құтысын басқа елден алдыртып, өнімді құю үшін тағы басқа елге жөнелтеміз. Соның ішінде қоспаға араластыратын судың өзіміздікі болғанына тәубе», - деді Азат Перуашев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары