$ 447.4  477.55  4.76

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

8 мамырда Кабулдың батыс бөлігіндегі қыздар мектебінде болған бірнеше жарылыстан  53 адам қаза болып, 150 адам жарақат алған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабыл алғаны айтылады

"Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, сенбіде, 8 мамырда Кабулдың батыс бөлігіндегі қыздар мектебінде болған бірнеше жарылыстан  53 адам қаза болып, 150 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың басым бөлігі 11-ден 15 жасқа дейінгі оқушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары