$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді» - Берік Уәли

Үндістанда коронавирус жұқтыру дерегі күн сайын артып барады.
фото: qazaqtimes.com
фото: qazaqtimes.com

Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеді. Ел президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында «Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, обаға қарсы 50 мың арнайы киім және елде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын» жазды деп хабарлайды "The Qazaq Times".

 Үндістанда коронавирус жұқтыру дерегі күн сайын артып барады. Ел дәрігерлері соңғы 24 сағатта 401 078 жаңа жұқтыру оқиғасын тіркеген. Эпидемия кезінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 22 миллионға жақындады. Коронавирус инфекциясымен байланысты өлім саны Үндістанда бірінші рет 24 сағат ішінде 4 мыңнан асты.

Өлім бойынша алдыңғы антирекорд 6 мамырда тіркеліп, 3 980 болған. Соңғы тәулікте Үндістанда төртінші рет тәулігіне 400 мың жұқтыру оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бастап елде тәулігіне 300 мыңнан астам адамнан коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары