Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді сатуға қатысты заң жобасына қол қоюына қатысты ел азаматтары мен қоғам қайраткерлері пікір білдіріп жатыр. Белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері әрі Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі Мұрат Әбенов те осы жаңалыққа қатысты өз ойымен бөлісті деп хабарлайды Skifnews.kz.
"Соңғы жылдары бүкіл халықты алаңдатқан осы өте принципиалды мәселе ақыры аяқталғанына өте қуаныштымын. Президент Тоқаевтың өзі осылай шешкені жақсы болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Бұл жауапкершілікті өзіне ала алатын елдегі жалғыз саяси институт - бұл Президенттік билік. Біз осы Заңының жобасына «қажетті» түзетулер енгізуге тырыстық, бірақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың принципті ұстанымы олқылықтардың кетуіне жол бермеді. Өйткені президент қол қойған заң жобасында:«Ауылшаруашылыққа тиесілі жерлер жалға берілмейді және шетелдіктерге сатылмайды» деп бәрі нақты жазылған.
Сонымен қатар, жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін бұрын берілген учаскелер қайта ұзартылмайды. Шетел азаматтарымен отбасы құрушылар да жерді дәл осылай қайтарады".
Сонымен қатар Мұрат Әбенов жалпы жер дауына қатысты оқиғаларға қысқаша тоқтала келіп, президенттің бұл шешімі жер сатуға қатысты барлық мәселенің нүктесін қоюға себеп болатынын жеткізді.
"Бұл заңға қатысты оқиғалар біздің еліміз үшін оңай болған жоқ.
Осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2016 жылы бүкіл елде Жер реформасына қарсы наразылық митингілері толқыны қалай өткені бәрінің есінде. Содан кейін Үкімет жерді шетелдіктерге сату бойынша аукцион өткізу бастамасын көтерген еді.
Тіпті, шамамен сатуға болатын жер учаскелері мен олардың бағалары да көрсетілген болатын.
Осылайша билік құрылымдарындағы лоббистер бұл прецедентті ешкім байқамайды және жерді шетелдік компаниялар мен басқа елдердің азаматтарына сата аламыз деп үміттенген болуы керек. Бірақ қазақстандықтар бұл идеяға өте наразы болды. Сондықтан олар: «Жерді сату - Отанды сату деген сөз» деген ұранды көтерді.
Содан кейін билік көпшілікке қарсы шықпау керектігін түсініп, заң нормаларын тоқтата тұруға шешім қабылдады.
Бірақ сонымен бірге олар норманы жоймай, мораторий жариялады. Осы мәселелердің бәріне нүкте қойылды. «Біріншіден, мен шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге тыйым салуды тапсырамын, бұл шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты.Президент Әкімшілігі осы мәселе бойынша тиісті заң жобасын әзірлеуі керек », - деді Тоқаев. Мен президент қабылдаған шешімді толықтай қолдаймын".