$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал болды

Министрлер кабинетінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің сөзінше, жанжал шешілді.

Қырғыз-өзбек шекарасында көрші ауылдардың екі тұрғыны төбелесіп қалды. Министрлер кабинетінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің сөзінше, жанжал шешілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өкілдің мәліметінше, Сай айылы ауылы және Сох ауданы, Чашма ауылы тұрғындары сөзге келіспей, артынша төбелес шығарған. Бұл жайттан кейін шекарада ауыл тұрғындары жиналған. 

Оқиға орнына келген қауіпсіздік қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері жиналғандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін адамдар үйіне қайтты. Жанжал шығарғандар татуласты.

Еске салайық, биыл сәуірдің аяғында қырғыз-тәжік шекарасында дәл осындай оқиға болған еді. Жанжал кезінде 46 адам қаза тапты, оның ішінде, балалар, қарапайым азаматтар мен әскерилер бар. Артынша екі ел президенті жанжалды тоқтату туралы келісімге келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары