$ 494.87  520.65  4.91

Әсел Айтпеваның әкесі: оның тұрмысқа шығатын ойы болған жоқ, адвокаттың сөзі өтірік

Әкесі қызының ісіндегі  мәселеге байланысты алғаш рет мәлімдеме жасады.

Грузияда қаза тапқан Әселдің  ата-анасы еліміздің  бас прокуратурасына өтініш жазды. Әкесі қызының ісіндегі  мәселеге байланысты алғаш рет мәлімдеме жасады деп хабарлайды Orda.kz. ақпарттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Отбасы ең алдымен алыс туыстары Мұрат Мейірбековтің  Тбилисиге экстрадициялануын сұрайды. Әселді Грузияда жұмыс істеуге шақырған осы кісі, алайда ол қыз  қайтыс болардан бір күн бұрын Қазақстанға келіп алған. 

Әсел Айтпаеваны зорлады және өзін-өзі өлтіруге итермеледі деп айыпталған 57 жастағы Бесик Тордуа қазір Тбилиси абақтысында отыр. Бұл іс қанша шу тудырса да ресми органдар үнсіз. Тек Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ғана бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп,  істің ерекше бақылауға алынғанын айтты.

Кеше Әселдің ата-анасы Бас прокуратураға Мұрат Мейірбековті Грузияға экстрадициялауды талап етіп арыз жазды, өйткені ол бұл іске тікелей қатысты адам.

Ата-анасының  пікірінше, Мейірбеков екі күн ішінде қыздарын бірнеше рет зорлаған. Отбасының адвокаты да осы нұсқаны ұстанады. Қазір құқық қорғаушы іс материалдарымен танысуға тырысуда.  

— Зардап шеккен тараптың қорғаушысы ретінде маған ақпаратқа қол жеткізу үшін прокуратураға жүгінемін. Әселдің өзін-өзі өлтіруі мүмкін дегенге сенбеймін. Оны өлтірді және тергеу тек кісі өлтіру ісі ретінде тексерілуі керек. Егер тергеу Мұраттан жауап алу туралы шешім қабылдамаса, онда мен жауап беремін. Себебі Мұрат  іске қатысушы негізгі тұлға. Әселді  Грузияға апарған сол, марқұмның айтуынша, ол оны зорлаған, – деді отбасының адвокаты Нино Андриашвили.

Мұрат Мейірбековтың өзі түсініктеме беруден бас тартты. Белгілісі  ол екі рет үйленген, екі баласы бар, үшінші баласын күтіп отыр. Мұраттың туыстары оның ештеңеге кінәлі емес екеніне сенімді.

— Ол полиция бөліміне өзі  барды. Оқиға болған кезде жолда болған. Астанаға келе салысымен бірден полиция бөліміне барып, айғақ берді, – дейді Мұрат Мейірбековтің енесі.

— Бұл мүмкін емес. Біріншіден, ол ешқашан тұрмысқа шыққысы келмеген. Мен тұрмысқа шық дегенде, ол «Менің тұрмыс құрғым келмейді. Мен алдымен пәтер аламын»  деген. Осыдан кейін Бесоның  адвокаты  «олар дос болды, үйленгісі келді»  дейді. Бұл мүмкін емес. Егер ол оны қорқытып, ұрып-соғып, терезеден лақтырып тастаса, олар қалай үйленеді? Бұл махаббат па? Ол кісі тіпті менен де үлкен адам. Адвокат неге мұндай айтады, – деді Әселдің  әкесі Алтай Айтпаев.

Іс бойынша алғашқы сот отырысы 23 маусымда өтеді. Грузия прокуратурасы Қазақстан азаматы Мұрат Мейірбековке Әсел Айтпаеваны зорлау фактісі бойынша сырттай айып тағып отыр. Полиция анықтағандай, ер адам физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, екі рет қызбен еріксіз жыныстық қатынасқа түскен. Осы бап бойынша Мейірбеков Грузияда 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жақын арада Тбилиси қалалық соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары