$ 443.85  474.3  4.8

Бүгін Үкіметте жаңа ауыс-түйістер болады деп күтілуде

Дәл қазір Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, кеше Елбасы үкімет басшысы Кәрім Мәсімовті отставкаға жіберіп, министрлер кабинетін таратқан болатын. Премьер-министрдің уақытша міндетін атқару бірінші орынбасар Бақытжан Сағынтаевқа жүктелген еді. Енді бүгін тарап кеткен министрлер кабинеті қайта жасақталуы тиіс.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалса, ол лауазымда бұған дейін болған Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары