$ 447.4  477.55  4.76

Назарбаев үкімет құрамында айтарлықтай өзгерістің болмайтынын айтты

Ақордада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетін қайта жасақтауға қатысты өз ойын білдірді.

Елбасының айтуынша, Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төраға болып тағайындалуы - қазіргі террористік қауіптің өршіп тұрған кезіндегі маңызды қадам.

"Қазір үкімет отставкада. Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін тез шешеміз. Үлкен өзгерістер болмайды деп ойлаймын, өйткені, кеегі үкімет өзіне артылған міндеттерді ойдағыдай атқарып келді. Бұл қиын кезеңде біз бәріміз жақсы жұмыс істеуіміз керек", - деді Н.Назарбаев жиын барысында. Ол сондай-ақ, алдымызда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы екенін, оны атап өтудің маңыздылығына да тоқталды.

Естеріңізге салайық, кеше Мемлекет басшысы премьер-министр Кәрім Мәсімовті ҚР ҰҚК төрағасы етіп тағайындаған болатын. Оның орнын уақытша бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басты. Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып келген Владимир Жұмақанов болса ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары