$ 494.87  520.65  4.91

«Әйтеновтің пиары үшін қаржы бөлінбейді» - Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы

Ашық конкурста қала әкімінің имиджін қалыптастыру деген сөз жоқ.
фото: arasha.kz
фото: arasha.kz

Осыдан шамалы уақыт бұрын Аrasha.kz сайтында жарияланған «Әйтенов Тоқаевты президент ретінде мойындамай ма?» деген материалды порталымызға көшіріп басқан едік. 

Бұл материалда Шымкент қаласы әкімдігінің жағымды материалдар үшін және қала әкімі Мұрат Әйтеновтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында бюджеттен көп мөлшерде қаржы жұмсап отырғаны айтылған. 

Дерек көзінің жазуынша, Шымкент қаласы әкімдігі жағымды имидждік материал дайындауға 45 млн теңге жұмсауға әзір екені әрі бұл тапсырысты Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы беріп отырғаны айтылады. 

Сонымен қатар мақала авторы тағы бір жайтқа ерекше назар аударған. Ол - Жастардың патриоттық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған мақалалар, фоторепортаждар және басқа материалдар дайындау мәселесі. Мақала авторы бұл жерде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру деген тармаққа тоқталады.

«Мәселе мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру деген сөз болып отыр. Естеріңізде болса аталған мақаланы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жазған болатын. Ендеше Шымкент қаласы әкімдігі Назарбаевтың мақаласын Тоқаевқа неге теліп отыр? Жоқ әлде Мұрат Әйтенов үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Нұрсұлтан Назарбаев болып тұр ма?», - деп атап өткен мақала авторы Мұрат Дүйсенбекұлы Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы ретінде мойындамайтын тәрізді деп өзінше пайым жасағанын айта кету керек. 

Жақында осы материалға байланысты редакциямызға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының атынан арнайы хат келіпті. Аталмыш үшбу-хатта жоғарыда сөз етілген жайттардың біразы шындыққа сай еместігі айтылған. 

«Аталған мақалада шындыққа жанаспайтын екі жазба жазылған. Біріншісі, Шымкент қаласы әкімдігі жағымды имидждік материал дайындауға 45 млн теңге жұмсауға әзір. Мұрат Әйтенов сынды әкімдер жағымды имидж үшін миллиондап ақша шашуды неге әдетке айналдырды?» деген сөйлем. Ашық конкурста қала әкімінің имиджін қалыптастыру деген сөз жоқ», - делінген хатта. 

Сонымен қатар ресми жауапта «Шымкент қаласының әкімі Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты неге мойындамайды?» сөздің де еш негізсіз екені айтылған. Яғни аталмыш лотта мемлекет басшысын мойындамау туралы ешқандай да жазбалар жоғы келтірілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары