$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев туған күнін неге атап өтпейді: Ресми өкіл жауап берді

Сонымен қатар ол құттықтаулар тоқтаусыз келіп жатқанын сөз етті.
фото: kznews.kz
фото: kznews.kz

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің туған күнін қалай тойлайтынын айтып берді.

Берік Уәлидің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері хабарласып, «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деп сұрап жатыр.

«17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған», – деді Уәли.

Сонымен қатар, ол құттықтаулар тоқтаусыз келіп жатқанын сөз етті.

«Қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ, телефон шалып құттықтауда. Құттықтаулар толассыз келіп жатыр», – деп қосты президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бүгін 17 мамыр – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары