$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан Тәжікстанда жоғарғы оқу орындарын ашпақ

Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Тәжікстан астанасындағы Ұлт сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Тәжікстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің басшылары саяси, дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

"Қазақстан мен Тәжікстан тәжік студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға квоталар санын көбейту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Тәжікстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарын ашу жоспарланып отыр", - деп жазады Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Тәжікстан басшысы Қазақстанға коронавируспен күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары