20.05.2021, 21:34

Жасөспірім тыйым салынған жерде суға батып кетті

Фото: inform.kz
Марқұм теңізде жүзіп жүрген жерінде жоғалып кеткен.

Ақтауда жасөспірім бала тыйым салынған жерде суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерлердің тізіміне енгізілген жағалау учаскесінде болды.

Халық арасында 43 шақырым деп аталып кеткен жерде теңізге шомылып жүрген 2003 жылы туған жасөспірім бала суға батып кетті.

Жастар достарымен демалыста болған. Марқұм теңізде жүзіп жүрген жерінде жоғалып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, бүгін теңізде судың температурасы 17 градус болды.

Құрамында бес адам және бір жүзу құралы бар жедел-құтқару жасағы 17:53-те жасөспірімнің мәйітін тапты.