Беларусь басшысы Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ренішін білдірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оған себеп Тоқаевтың ЕАЭО-ға мүше елдерінің басшыларымен кездесуді кейінге қалдыруы себеп болды. «Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен бері бір-бірімізді көре алмай жүрміз. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Бірақ қазір оқшауланып, вакцинамыз жақсы, вакцинациялау жақсы жүргізіп жатыр деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі кездесе алмадық», – деді Лукашенко.
Оған ҚР Президенті жауап берді.
«Мен біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеулеріңізді сұраймын. Кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз бұл шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі біткен жоқ», – деді Тоқаев.