$ 494.87  520.65  4.91

Аудиторлар Сәкен Майғазиев басқаратын мекемеден үлкен ілік тапты

Шыңғыс Мұқан мырза, Наурыз іс шарасын барынша қорғап едіңіз! “Креатив емессіңдер” деп сөгіп едіңіз, ал мына негізсіз аударылған миллиондарға кім жауап береді?
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Шымкент қаласындағы миллиондаған қаржы жұмсалды делінген Наурыз тойына қатысты ресми қорытынды жасалыпты. Шымкент қаласы Ішкі мемлекеттік аудит депараменті Сәкен Майғазиев басқаратын мекеменің биылғы тендерлеріне зерттеу жүргізіп, 74,4 млн теңгенің негізсіз жұмсалғанын анықтаған. Бір қызығы бұл қаржы сметасы жасалмаған, жоспарда жоқ яғни атқарылмаған шараларға аударылған болып шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек хабардар етті. Заңгердің айтуынша, іс антикордың бақылауына өткен.

«Мәдениет басқармасы биыл Наурыз және басқа да іс-шараларына заң талаптарына қайшы, бір көзден 618 млн теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген. Оның ішінде 239 млн теңге жыл басынан сәуір айына дейін заңсыз бөлініп қойған. Ал 74 млн теңге МҮЛДЕМ НЕГІЗСІЗ аударылып, заңсыз игерілгені туралы аудитпен анықталған», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Заңгердің айтуынша, аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған басқа да заң бұзушылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне жолданған. 

«Пандемия кезінде ауру өршіп, көп кәсіп тоқтап, халық арасында әлеуметтік наразылық ушығып тұрғанда миллиондаған қаржыны той тойлауға бөліп одан сайын халықтың ашуын үдете түсті.

Миллиодаған қаражат қаламыздың өзекті мәселелеріне бөлінсе жарасады. Мысалы қаланың қақ ортасында құрттаған су ішіп отырған халыққа таза су кіргізіп берсе болмас па еді?!

Мемлекеттің қаржысын сыбайласып талан-таражға салып, негізсіз игеретіндердің жазасын беретін уақыт жетті!

Шыңғыс Мұқан мырза, Наурыз іс-шарасын барынша қорғап едіңіз! «Креатив емессіңдер» деп сөгіп едіңіз, ал мына негізсіз аударылған миллиондарға кім жауап береді?

Ханзада Азимханқызы, еден жуатын жасы келген апаларымызды жұмыстан шығарып 52 мың теңге беруге қиналып жатыр едіңіз, енді өзіңіз миллиондарды негізсіз аударып жібергенсіз бе?

Халықтан енді ештеңе жасыру мүмкін емес!
Ашықтық деген осы!», - деп атап өткен жазба авторы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары