$ 448.15  483.46  4.86

«Мақсатым - саяси өзгеріс жасау»: Жанболат Мамай Президент болуға дайын екенін айтты (ВИДЕО)

"Осындай бәсекелестікте, биікке көтеріп жатса ел үшін қызмет етуге дайынбыз" - дейді ол.

Қоғам белсендісі, Демократиялық партия атты қоғамдық ұйымның жетекшісі Жанболат Мамай халық қолдап жатса ел басқаруға дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі  "Қасқа жол" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Әрине, саясатта жүргеннен кейін алдыңа үлкен мақсат қоюың керек. Билікке келмесең сен ештеңе өзгерте алмайсың. Алдыңа жоспар қоймасаң, сол мақсатқа жетудің жолдарын ойластырмасаң онда айналысып керек емес. Кез келген салада болсын алдыңа үлкен мақсат қоя білу керек. Менің мақсатым міндетті түрде Президент болу емес. Менің мақсатым осы елде бір өзгеріс жасау. Билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс жасау. Президент болу ма, Парламентке келу ма, ол жағын енді көре жатармыз. Бірақ елдегі жағдай қандай болады. Мына билік қандай қастандыққа барады, бармайды. Әлде бізден де асып кететін мықты азаматтар шыға ма? Оны уақыт көрсетеді. Осындай бәсекелестікте, адал бәсекеде халық қолдап, даусын беріп, биікке көтеріп жатса ел үшін қызмет етуге дайынбыз" - дейді ол 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары