Бүгін Моңғолияда президентті сайлау науқаны ресми түрде басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.
24 мамыр күні Бас сайлау комиссиясы (БСК) президенттік сайлау кандидаттары У.Хүрэлсух (Моңғолия халық партиясынан, Күрелсүк деп оқылады), С.Эрдэнэ (Демократиялық партия) және Д.Энхбатқа (Дұрыс үміткер, электорат коалициясы, Енкбат деп оқылады) куәліктерді табыстады. Осылайша, сайлауалды науқан дауыс беруге 16 күн қалғанда басталып кетті.
Сондай-ақ бүгін БСК ел Президентін сайлау туралы заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына президентке үміткер кандидаттардың табыстары туралы есеп береді. Кандидаттардың табысы туралы есеп басқарманың ресми сайтында жарияланады. Ұлттық аудиторлық басқарма дауыс беру басталғанша өзінің сайтында кандидаттардың сайлауалды бағдарламасының бағалануын жариялау қажет.
Президентті сайлау туралы заңға сәйкес, сайлау науқаны 15 күнге созылады, бұл уақытта саяси партиялар мен кандидаттарға төменде аталғандардан басқа сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады:
- Үгіт-насихат баспа материалдары сайлаушылар арасында жаппай таратуға арналған;
- Теледидар мен радиода сайлауалды үгіт жүргізу;
- Сайлау науқанында әлеуметтік желіні қолдану;
- Көшелер мен алаңдарда үгіт-насихат плакатын орналастыру; - Сайлауалды штаб жұмысы.