$ 443.85  474.3  4.8

Сәкен Жасұзақов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағамбетовті Елбасы бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындаған болатын.

Сәкен Жасұзақов бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары лауазымында болған. Ол сондай-ақ, ҚР Қарулы күштері Бас штабын да басқарды.

Сәкен Жасұзақов 1957 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Шалдар ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі баланың әкесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары