Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
"Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайыгдалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Сондай-ақ, Асқар Мырзахметов те үкімет басшысының орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі қызметін жалғастыра бермек.
Естеріңізге салайық, 8 қыркүйек күні премьер-министр Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, оның орнына бірінші орынбасарыболған Бақытжан Сағынтаев тағайындалған еді.