$ 494.87  520.65  4.91

Баласы 90 жастағы кейуананы өлгенше сабаған

Салдарынан 89 жастағы әжей қайтыс болды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Желіде жантүршігерлік видео тарады. Онда ер адам 90-ға таяп қалған қарт анасына қол көтерген. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, оқиға өткен жылы күзде орын алған. Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының 63 жастағы тұрғыны 89 жастағы анасын аса қатыгездікпен сабаған. Қария бір күннен кейін көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға түскен. Салдарынан 89 жастағы әжей қайтыс болды.

– Сот 2020 жылдың 30 қарашасында, шамамен 19:00-де жанжал кезінде мас күйінде ер адам анасының бетіне бірнеше соққы жасағанын анықтады, – деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Баласы өз кінәсін толық мойындады. Оған анасының жасаған ескертуі ұнамай, оған қол көтеріп, тепкілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары