27.05.2021, 12:00

Президенттің ұсынымы бойынша Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Фото: ашық дерекөз
Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Жақында Сенат қарауына Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы Президенттің ұсынымы енгізілді. Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенат депутаттарынан ҚР Президентінің ұсынымын қолдауды сұрады, деп жазды Азаттық рухы.

«Лариса Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді Талғат Донақов.

Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдады. Ал, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сот жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткен Лариса Шепелеваға алғыс айтты.