Аягөз қаласының бұрынғы әкімі 4 жыл 5 айға сотталды. Аягөз қалалық сотының мәліметінше, Қуаныш Азыханов тұрғын үй кешендерін қалпына келтірумен айналысқан мердігер мекемеден 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Хабар 24.
9 айға созылған тергеу барысында 3 судья ауысты. Сондай-ақ Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тергеушілері деректерді бұрмалағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Еске салайық, Аягөз қаласының бұрынғы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары былтыр қыркүйек айында басталған. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.