Саясат 28.05.2021 сағат 12:00

«Ешқандай кланда жоқ адаммын» - Цой

Министр адамдарды жұмысқа қабылдауда екі нәрсеге мән беретінін айтады, ол: кәсібилік пен адалдық.
«Ешқандай кланда жоқ адаммын» - Цой
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой командалық топпен жұмыс істеу және вице-министрлердің тағайындалуы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрге "Бұған дейін вице-министр, сосын министр болдыңыз. Артынша орынбасарыңыз Ажар Ғиният вице-министр болды, сосын Ерлан Қиясов бас санитария дәрігері болды. Командаңыздағы тағы қанша адамды өзіңізбен алып келдіңіз?" деген сұрақ қойылды.

"Осыны талқылағанды жақсы көреді. Иә, мен вице-министр болдым. Бірақ неге үш рет? Бастапқыда министрлігіміз біріккен болатын, сосын бөлінді. Яғни 4-5 жылдай вице-министр болдым. Сосын басқа орынға ауыстым. Ажар Ғиниятқа байланысты, бір команда деп есептеледі. Олай емес. Мен ешқандай кланда жоқ адаммын, мүлдем бейтараппын", - деді Алексей Цой. 

Министр адамдарды жұмысқа қабылдауда екі нәрсеге мән беретінін айтады, ол: кәсібилік пен адалдық. 

"Шынайы, ниеті түзу, көмектесуге дайын адам. Ажар Ғиният туралы айтар болсақ, ол маған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде негізгі департаменттерде жұмыс істеген. Ол сол іштегі адам. Мен Президент Әкімшілігінің медициналық орталығына ауысқанымда ол жерде де маған дейін жұмыс істеген. Ол жерде 1,5 жыл істеп, қайтып келдім. Мен үшін бастысы ішкі жүйені білетін, соны жақсартуға тырысатын адамды алып келу маңызды болды. Ерлан Қиясов 20 жыл ең заманауи зертхананы басқарды, жоғары сапа стандартын біледі. Менің басшылығым бұл туралы сөз болатынын айтатын. Бірақ соны түсіне отырып, мені ол кісімен ештеңе байланыстырмайды. Бәріміз Қазақстанның әр өңіріненбіз. Кәсіби байланыстан басқа ешқашан кездескен емеспіз, маған тек кәсіби сапасы қызық", - деді министр.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар