$ 494.87  520.65  4.91

Жүзден астам балалар үйі жабылды

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елдегі жетім балалардың саны туралы мәлімет берді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елдегі жетім балалардың саны туралы мәлімет берді.

«Бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тұрады. Ондай мекемелердің саны жылдан-жылға азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған 114 ұйым қысқарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар үйінің қысқаруына қамқорлықсыз қалатын балалардың азаюы түрткі болған.

«Бүгінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда осы ұйымдардың тәрбиеленушілерінің және жалпы жетім балалардың контингенті ел бойынша 10 мыңға қысқарды. Ал соңғы 3 жылда контингент 2 мың бала тізімнен шығарылды», - деп қорытындылады Юлия Овечкина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары