Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады.
Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын, – делінген құттықтауда.
Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасын Азия чемпионатын 8 алтын, 1 күміс, 1 қоламен аяқтады. Алтын алғандардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі). Ал 57 келідегі Владислава Кухта күміс, 75 келідегі Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты.