Президент Қасым-Жомарт Тоқаев №199 гимназияның 26 жастағы мұғалімі Мерей Ибрагимовты қайтыс болғаннан кейін ерлігі мен қайсарлығы үшін марапаттады.
"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Мерей Ибрагимов Шарын шатқалында оқушыны құтқарамын деп қаза тапқан еді.