$ 447.4  477.55  4.76

«Халықтан тек «ақша істеуді» ғана білетін Үкімет отставкіге кетсін!» - заңгер

Мамин басқарған үкімет халықты аздырып бітті.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Мамин үкіметінің түгелдей отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, Мамин басқарған үкімет халықты аздырып бітті.

«Халықтан тек «ақша істеуді» білетін Үкімет отставкіге кетсін!
Мамин басқарған үкімет халықты аздырып бітті!

Халықтың жағдайын жасаудың орнына енді шұрық тесік жолдарды ақылы қылғаны  - шектен шығу!
Пандемия уақында онсызда көп кәсіп тоқтап, халық шиқылдап азық-түлігін әрең алып отырғанын бұл үкімет көрмей отыр ма?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол Мамин үкіметінің қымбатшылық алдында дәрменсіз болып отырғанын айтқан. 

«Жол ақылы болса, сол жолмен келетін азық-түліктің қымбаттайтынын біле ме екен бұл соқыр үкімет?
Жәй ғана бір келі кәртоптың бағасы 350 теңгеге бір-ақ шықты. Пісте майға 500 теңге қосылды. Халық «азық-түлік қымбаттады» деп шулап жатыр.

Осының бәрін естімей отыр ма бұл керең үкімет?
Пандемия өршіп тұрғанда дәрі таппай қырылған халықты енді азық-түлікті қымбаттатып қырайын дедіңдер ме? 

Халықтан тек ақша жасауды білесіңдер, халықтың жағдайын жасауды қашан үйренесіңдер?
Жолды ақылы қылмас бұрын, шұрық тесік жолдарыңды жамап алыңдар!

Құрақ көрпе сияқты жамау-жамау жолдарыңды тегістеп төсеп алыңдар!
Ұзын сөздің қысқасы, Мамин бастаған үкімет, тараңдаршы халықты қанай бермей!», - деп жазған жазба авторы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары