Бішкекте Қырғыз Жогорку Кенешінің экс-спикері Асылбек Жээнбеков. Бұл туралы 24.kg хабарлайды.
Парламент депутаты Құмтөр алтын кеніне қатысты қылмыстық іс аясында ұсталған. Одан бөлек, депутат Торобай Зулпукаров ұсталды. Екеуі де жемқорлық күдігіне ілініп отыр.
Бұған дейін Құмтөр ісі бойынша экс-премьер Өмірбек Бабановтың ұсталғаны хабарланды. Одан бөлек, экс-премьер Темир Сариевтен жауап алынған. Кейінірек белгілі болғандай, эус-депутат Турсунтай Салимов пен Сергей Ибрагимовтен де жауап алынған.
ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, Құмтөр алтын кеніне қатысты қатысты бірнеше адам жауапқа тартылуы мүмкін.