$ 444.32  473.33  4.76

Өскемендегі саяжолдардың біріндегі ағаштар жалғыз күнде сарғайып кетті

Ағаштардың жапырағы қурап қалғаны түсірілген видео желіде жарияланды.
Фото: yk-news.kz
Фото: yk-news.kz

Өскемендегі саяжолдардың бірінде ағаштар бір күнде сарғайып кетті. Ағаштардың жапырағы қурап қалғаны түсірілген видео желіде жарияланды. Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығаратын зиян қалдықтары себеп болғанына сенімді.

Экологтар жаздың алғашқы күндерінде ағаштар неден сарғайғанын әзірге айтқан жоқ.

"Біз өлген ағаштардың айналасындағы топырақты зерттедік, оның себебі көп болуы мүмкін, соның ішінде техногендік сипаттағы әсерлер де бар. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет, онсыз бұл газдың әсері деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта біз фитоэкспертизаны жүргізе алатын зертхана іздеп жатырмыз", - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары