02.06.2021, 16:20

Тоқаев Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады

Фото: ашық дерекөз
Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», делінген хабарламада.

Бұған дейін Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінде қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізген. Шахматшы үлкен додалардағы жетістіктерінің арқасында ер гроссмейстердің нормасын орындап тастады. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азияда осындай атаққа жеткен тұңғыш бұрымды болып отыр.

Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.