$ 445.66  474.58  4.78

«Өтірік айтудың шебері»: Мамай мен Байбек арасындағы сот отырысы басталды

Бауыржан Байбектің мүддесін қорғап жатқан адвокат Айжан Тәшенова белсенді Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбайдың айтқандары шындыққа жанаспайтынын және олардың «арзан популизммен» айналысып жатқанын айтады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің азаматтық белсенділер, ерлі-зайыпты Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қарсы берген талап-арызы бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бауыржан Байбектің мүддесін қорғап жатқан адвокат Айжан Тәшенова белсенді Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбайдың айтқандары шындыққа жанаспайтынын және олардың «арзан популизммен» айналысып жатқанын айтады.

 – Жанболат Мамайдың айтқан сөздерінде ешқандай дәлел жоқ. Біздің қолымызда барлық фактілер бар. Олардың істеп отырғаны «арзан популизм». Қолдарында ешқандай дәлел жоқ, тек өтірік сөздер ғана. Сілтемені тек «Бәсе» және «Ұзынқұлақ» деген күдікті арналарға береді. Ерлі-зайыптылар «өтірік айтудың шеберлері». Жанболат Мамай бұған дейін декреттегі аналарды алаңға митингке де алып шыққан болатын. Митинг туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын, – деді адвокат.

Айжан Тәшенованың митинг сөзінен кейін Жанболат Мамайдың адвокаты Ғалым Нұрпейісов, алаңға шыққанның бұл сотқа қатысы жоғын айтып, сотқа ескерту жасауын сұрады. Сот дыбысты қосқан кезде Айжан Ташенова «сот ханым, кедергі жасамаңыз» деп сөзін жалғастырып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары