04.06.2021, 14:40

Мемлекет басшысы ел тұрғындарын рәміздер күнімен құттықтады

4 маусым  - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бері аталып өтеді.

"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!", - деп жазды Twitter парақшасында Президент.

Айта кетейік, 4 маусым  - ҚР Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бері аталып өтеді.