Қостанайдың орталығында оқ атылып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың айтуынша, қатты дыбыстардан кейін ер адамдар жол бойына жүгіріп шыққан. Олар «кім атты?» деп айқайлады.
«Оқ атылды. Ол жолдың арғы жағымен жүгіріп өтіп, не оның ішінен, не кеудесінен ұстап алды. Бәрі «атты, атты» деді. Содан кейін тағы үш еркек жараланды. Олар бір нәрсе іздей бастады. Жедел жәрдемге қоңырау салмақшы болдым, бірақ келе жатқанын көрдім. Полиция көліктері өте көп болды. Содан кейін олар иттермен келді», – деді куәгер.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі үш адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
«Сағат 06.00-де Гоголь көшесі, 98-үйден қоңырау түсті. Бородино дүкенінің артында атыс қаруынан оқ атылғанын хабарлады. Үш адам зардап шекті. Үш бригада шықты. Біреуінің бөксесінде пышақ жарақаты болды, екіншісінің жақ сүйегі сынған. Үшіншісінде кеудесі көгерген, травматикалық қарудан болуы мүмкін. Барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, түнгі клубта жанжал болған», – деп хабарлады Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Болған жайтқа қатысты полиция да түсініктеме берді.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі куәгерлер айтқан атыс туралы ақпаратты растамады.
«Ер адамдар арасында төбелес болған. Қақтығыстың барлық қатысушылары полиция басқармасына жеткізілді. Оқиға фактісі бойынша ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Төбелес нәтижесінде ауруханаға үш адам жеткізілді – екеуі жарақат алған, біреуі жақ сүйегі сынған», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.