$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстаннан жылдың алғашқы үш айында 5,5 мың адам көшіп кетті

Елден кеткендердің 82%, яғни 4,5 мың адам ТМД елдеріне қоныс аударған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 2,1 мың адам көшіп келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,6 пайызға аз. Ал, көшіп кеткендер саны 5,5 мың адамды құрайды, яғни былтырмен салыстырғанда 24,9 пайызға аз, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Елге көшіп келген азаматтардың 1,6 мыңы жұмысқа жарамды. Ал, көшіп кеткендердің 4 мыңы осындай статусқа ие. Сондай-ақ, келгендер қатарында 15 жасқа толмаған 204 бала болса, кеткендердің саны 1,3 мыңды құрап отыр.

Келгендердің 204-і жұмыс бабымен, 11-і оқу мақсатында, кеткендердің 301-і – жұмысқа, 53-і оқу мақсатында көшкен.

Айта кетейік, былтыр осы уақыт аралығында Қазақстаннан 7,3 мың адам көшіп кетіп, 4,3 мың адам келген.

Елден кеткендердің 82%, яғни 4,5 мың адам ТМД елдеріне қоныс аударған. Олардың 4,4 мыңы Ресейді таңдаса, қалғандары Өзбекстан мен Беларусь Республикасына көшкен. Қалған 18% алыс шетелге кетті: 745 адам – Германияға, қалғаны Израиль, Польша және өзге де елдерге.

ТМД елдерінен көшіп келгендер қатары да аз емес – 1,7 мың адам. Олардың дені Ресейден – 851 адам, Өзбекстаннан – 518, Қырғызстаннан – 125. Алыс шетелден біздің елге 350 адам қоныс аударыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге аз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары