Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.
"Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын", - делінген жарлықта.
Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ты басқарған.