«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
Қазақстан Тәжікстанға әскери мүлік түрінде әскери-техникалық тегін (өтеусіз) көмек көрсетуге келісті.
Құжатқа сәйкес, берілетін әскери мүліктің тізбесі:
Саны 3 миллион 240 дананы құрайтын 5,45 миллиметрлі патрон;
Саны 20 мың 76 дананы құрайтын 23 миллиметрлі патрон;
Саны 10 мың дананы құрайтын 82 миллиметрлі оқ.
Әскери мүлікті Душанбе қаласының «Рохати» станциясына дейін жеткізу шығынын Қазақстан тарапы көтереді. Берілетін әскери мүлікті кедендік тазарту және декларациялау ҚР-да Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Берілетін әскери мүлік баждар, салықтар мен алымдардың барлық түрін алудан босатылады.
Тәжікстан тарапы Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.