$ 449.58  486.94  4.86

Кәсіпкерлер Даниал Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Олар тендер ойнатуда әкімдіктегілер ауыз жаласуға жиі баратынын айтып шағымдануда.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Семейлік және өскемендік кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің отставкаға кетуін талап етті. Олар өңір басшысын «мемлекеттік билікке нұқсан келтіріп отыр» деп айыптады.  Бұл туралы «Информбюро» хабарлады. 

«Біз ШҚО басшысы Данимал Ахметовтің лауазымын босату туралы мәселені қарастыруды сұраймыз. Ол мемлекеттік биліктің абыройына нұқсан келтіруде. Біз өзіміздің дұрыс нәрсе айтып отырғанымызға сенімдіміз және алдағы уақытта өз азаматтық ұстанымызды қорғаймыз», – деді «Металлист» ЖШС-ның жетекшісі Серік Айдос. 

Аймақтың әр жерінен жиналған кәсіпкерлер өңір басшысының әрекеттерінен зардап шеккендерін айтып, баспасөз жиынын өткізген. Негізінен олар тендер ойнатуда әкімдіктегілер ауыз жаласуға жиі баратынын айтып шағымдануда. 

Бұған қоса, наразы бизнесмендер пандемия кезінде әкімдік тек бір мердігерден қажетті заттар сатып алғанын алға тартады. Сөздерінше, бұл жерде де  іс таза емес. Дегенмен, әкімдік өкілдері мұның барлығын жоққа шығарып, айғақпен дәлелдеуді сұрады. 

«Айтылған дүниелердің барлығы да құр сөз, ешқандай дәлел келтірілген жоқ. Менің ойымша, айыптаулардың ақ-қарасын заңгерлер анықтауы қажет. Бекерге әуре болып, сөз құртудың қажеті жоқ», – деді ШҚО әкімінің кеңесшісі Ермак Салимов. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары