$ 448.15  483.46  4.86

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы болып тағайындалды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы болып Айдос Арғынбайұлы ҚЫДЫРМА тағайындалды.

А.Қыдырма 1976 жылы Алматы облысының Қайнарлы елдімекенінде дүниеге келген. 1999 жылы «Анкара» университетінің (Түркия) заң факультетін тәмамдады. Үйленген, төрт баланың әкесі. Мемлекеттік тілді және орыс, түрік тілдерін еркін меңгерген.

Айдос Арғынбайұлы еңбек жолын 2000 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте сарапшы болып бастаған. Осы ведомствода бас маман, бөлім басшысы лауазымдарына дейін көтерілді.

2001 – 2012 жылдар аралығында алдымен әскери борышын өтеп, кейін баспа ісі саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. 2012 жылдың мамыр айында «Қазконтент» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен аталған компания төрағасының орынбасары, сол жылдың маусым айында Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2016 жылдың ақпан айында А.Қыдырма ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының кеңесшісі болған.

2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Айдос Арғынбайұлына «Құрмет» орденімен, 2014 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2012 жылдан бері ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі, 2014 жылдан бері Республикалық «Асық ату» федерациясының президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары