$ 445.66  474.58  4.78

Ерлан Қарин президент қол қойған Жарлықтың маңызын түсіндірді

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы қол қойған ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қатысты пікірімен бөлісті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Президент өте маңызды құжат – «ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың баптарын жүзеге асыру үшін Үкіметке бірінші кезекте қолға алынуы тиіс шаралардың жоспарын бекіту тапсырылды. Аталмыш құжаттың маңызы неде?, – деп жазды Қарин Facebook-тегін парақшасында. 

Оның пікірінше, бүгінгі Жарлық Президенттің саяси жаңғыру мен либерализациялау бойынша ұстанған бағытының жалғасы. Ол енді мемлекеттің күшін құқық қорғау мәселелеріне бұрады. Осыған дейін Президент құқық қорғауға қатысты мәселені Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші мәжілісінде (2019 жыл 20 желтоқсан) көтерген болатын. Соның нәтижесінде Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынды. Құқық қорғау тақырыбы Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында да (2020 жыл 1 қыркүйек) ерекше орын алған еді. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллинг, адам саудасы мен зорлық-зомбылық сияқты әрекеттерден қорғау бағытында кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. ҰҚСК 5-ші мәжілісінде (2021 жылдың 25 ақпаны) пенитенциарлық мекемелердегі адамдар мен әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар легін ұсынды. 

Осы ретте бүгін қабылданған құжаттың маңызы - құқық қорғау тақырыбының біржолата мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде бекітіліп отырғандығында. 

Маусым Жарлығында бекітілген баптардың барлығын жүзеге асыру - құқық қорғау саласының кешенді жаңғыртылуын қамтамасыз етеді және ол әділ әрі прогрессивті мемлекет құруға деген талпыныстың кезекті қадамы болмақ, – деді Президент кеңесшісі. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары