АҚШ Орталық Азияға жақындады. АҚШ Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымына құрметпен қарайды. Оны АҚШ билігінің белді тұлғалары айтып жатыр. Пентагон Қазақстанға базасын қою мәселесін қарауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы сарапшы әрі қоғам белсендісі Бекболат Қаржан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ресей мен Қытайдың деструктивті саяси позициясына қарсы тұруға, Орта Азияда қандай да бір оңды әрекеттер мен процестердің, адам құқы мен либерализмнің дұрыс жолға қойылуына, Ресей мен Қытайдың бөліп ал да, билей бер ұстанымымен қиғылық салуына АҚШ қана тосқауыл қояды. Ресей мен Қытайдың райын қайтармай, Қазақстанда саяси өзгеріс болмайды. Қазақстан тарапы осы өліарада қолындағы қазынасын аздап шығындаса да, нейтралитетті ұстанымда болып, өз мүддесі тұрғысында өте сауатты дипломатиялық байланыс жасай білуі керек. АҚШ-тың Орта Азияға келуі үш держава арасындағы геосаяси мүдделер қақтығысын үдетеді. АҚШ жақындамай, Орта Азияда Өзгеріс бола қоймайды. Себебі, коммунистік Ресей мен Қытай осы қанау, әміршіл-әкімшіл жүйені ұстап тұруға барынша тырысады",- дейді ол.