$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тексерістен кейін СҚО-да екі аудан әкімі қызметінен босатылды

Облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшысы, 5 аудан әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды», - деп жазды ол.

Одан бөлек, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары