Саясат 16.06.2021 сағат 10:00

«Нұр Отан» депутатына 20 миллион жымқырды деген айып тағылды

Самаликовты қоса тергеуге алынған барлық адамдарға Мақат станциясындағы жүк пойыздарының цистерналарынан жанар-жағармай ұрлағаны үшін айып тағылуда.
«Нұр Отан» депутатына 20 миллион жымқырды деген айып тағылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясының депутаты Абзал-Сенби САМАЛИКОВҚА және басқа 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта депутат үй қамауында, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Самаликовты қоса тергеуге алынған барлық адамдарға Мақат станциясындағы жүк пойыздарының цистерналарынан жанар-жағармай ұрлағаны үшін айып тағылуда. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың 31 маусымы мен 31 қазаны аралығында күдіктілер құны 20 миллион теңгеден асатын 120 тонна ұрланған жанар-жағармай материалдарын сатқан.

43 жастағы Самаликов «Мақат – Атырау жүк тасымалы жедел локомотив депосының» директоры екенін айта кеткен жөн. «Нұр Отанның» праймеризінен кейін ол облыстық мәслихаттың депутаты болды, заңдылықты сақтау, құқық қолдану және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар