$ 494.87  520.65  4.91

«Олигархаттың жағдайы керемет, ал мемлекет қарызға батып барады» - Мұхтар Тайжан

Олигархат өз мүдделерін әлі де қатаң ұстап тұр. Әзірше солай.

Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында елдегі экономикалық реформаларды сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мұхтар мырзаның айтуынша, тез арада реформа жасау керек. Ал онсыз халықтың жағдайы жақсармайды.

"Бүгінгі Парламентте өткен Үкіметтің 3-сағатқа созылған есебін көріп шықтым. Не деуге болады? Әзірше экономика жағынан түбегейлі өзгерістерді күту - бос әуре. Әзірше баяғы жартас сол жартас жалғастыра береді. Үкіметтің ойынша бәрі керемет, бәрі дұрыс, яғни ешқандай реформаны күтпеңдер деп отыр. Бірақ нағыз реформаны жүзеге асырмаса халықтың жағдайы түзелмейді.

Олигархат өз мүдделерін әлі де қатаң ұстап тұр. Әзірше солай», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары