$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Алматы фонтанында тоққа түсіп қалған әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы фонтанда әйел мен екі баланы құтқарып қалған студент Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, 20 маусымда әйел мен екі қызды фонтанда электр тогы ұрғаны хабарланған болатын. 

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлаған. Бұл оқиғаға кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары