Елдегі эпидахуалға байланысты құрбандық шалу рәсімі екі бағытта өтуі мүмкін. Бұл туралы Діни басқарма өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Егер елдегі эпидтұрақтылық сақталып, санитарлық мекемеден рұқсат берілсе, құрбан шалу қасапханаларда жүргізіледі.
Ал жағдай күрделенсе, арнайы дайындалған "QURBAN-2021" веб-сайты арқылы онлайн режимде өткізіледі.
Еске салайық, былтыр да портал ашылып, құрбандық малына тапсырыс беру, құрбандық етін алуға өтініш жазу сол арқылы жасалған.
Айта кетейік, биылғы Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеде басталады.